«Аватарды» басып озған: Бекмамбетовтің жаңа фильмін сыншылар неге жақтырмады
Қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетовтың «Мейірім» (Mercy) атты жаңа фильмі әлемнің 80 елінде көрерменге жол тартты.
kinoafisha.info
Фильм не жайлы?
АҚШ-тағы прокаттың алғашқы аптасында фильм 11,2 млн доллар жинады. Variety басылымының жазуынша, Бекмамбетовтың «Мейірімі» бес апта бойы көш басында тұрған «Аватар: От пен күл» (Avatar: Fire and Ash) фильмін екінші орынға ысырған.
Фильмде басты рөлді актер Крис Пратт сомдайды. Өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінген кейіпкердің тағдырын ЖИ-сот шешпек. Туынды ғылыми-фантастикалық жанрда түсірілген.
Авторлардың болжамы бойынша, фильмнің кассасы қазіргіден бірама көбірек болуы тиіс еді. Бірақ АҚШ-та боранға байланысты төтенше жағдайдың енгізілуі салдарынан кинотеатрға келушілер саны кеміген.
Сыншылар бағасы
«Мейірім» халықаралық прокатта 80 елге шығып, 11,6 млн доллар жинады. Фильмнің жалпы бюджеті – 60 млн доллар.
Десе де, сыншылар «Мейірімге» жоғары баға бере қойған жоқ. Rotten Tomatoes сайтындағы рейтингі небары 20% ғана.
«Фильмді көргеннен кейін сіз цифрлық детокс қажеттігін сезінетініңіз анық», - деп жазды киносыншы Фрэнк Шек.
Ал канадалық Toronto Star басылымы тіпті өткір сынға алып:
«Бұл – Крис Праттың құрдымы. Оған дұрыс сценарийді таңдауды үйрену керек», - деп жазды.

Еске сала кетейік, прокатта екінші орынға ығысқан әйгілі «Аватар: От пен күл» фильмі 2025 жылдың желтоқсанынан бастап көрерменге ұсынылды. Алғашқы аптасында 962 млн доллар жинаған туынды кассалық түсім жөнінен рекорд орнатқан еді.
12:04
208
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.